Енді балабақшаға баратын баланы да арнайы платформа арқылы оқыта аласыз. Тамыз кеңесінде “Сәби даму” атты жаңа онлайн балабақша жобасы таныстырылды. Мұнда бүлдіршіндердің дамуы үшін ертегілер, мультимедиялық контенттер бар. Жоба жетекшісі онлайн оқыту жүйесін таныстыра отырып, баланың деңгейін анықтау үшін белгілі бір анкета толтырып, даму деңгейін анықтауға болатынын айтты. Айта кетейік, онлайн платформаны балаңызға 2 жастан бастап бейімдей аласыз. Сондай-ақ, жаңа жобаны алғашқы болып Қарағанды қаласында тәжірибеден өткізген.
