Мұғалімдерге жағымды жаңалық. Енді педагогтер аттестациядан өтемін деп сандалмайтын болды. “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығында өткен тамыз кеңесінде Ұстаз платформасының жаңа мүмкіндері жайы айтылды. Бұл жүйе арқылы сыбайластыққа жол бермеу жайы да назарға алынған. Сондай-ақ, педагогтер жеке кабинетінде жетістіктерін жариялай отырып, өз біліктіліктерін арттыра алады. Айта кетейік, бұл платформада барлығы ашық түрде өтеді.
Жиында мемлекет басшысының Тамыз кеңесінде қозғаған негізгі тұжырымдары айтылды. Әсіресе, мұғалім мәртебесін арттыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау жөніндегі тапсырмаларға ерекше мән берілді. Сонымен бірге, педагогтердің де цифрлық сауаттылықтарын арттыру жайы баса айтылды. Бүгінде жаңашылдық дәуірінде білім саласының көші артта қалмауы міндеттелді.
