Биыл ҚР Конституциясының 30 жылдығы. Осыған орай шаһарда кейбір азаматтарға бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сәрсен Абайұлының мәліметінше, мерекеге орай мүгедектігі бар балаларға — 5 АЕК (19 660 теңгеден) мөлшерінде бірреттік әлеуметтік көмек бойынша 8 323 баланың тізімі алынып, төлеу жұмыстары жүргізілуде. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға — 20 АЕК (78 640 теңгеден) мөлшерінде бірреттік әлеуметтік көмек (673 бала) көрсетілуде.
Бұл төлемді алу үшін ешқайда барып, өтініш берудің қажеті жоқ. Төлемдер автоматтандырылған база арқылы мүгедектігі бар балалардың аналарының әлеуметтік есепшоттарына автоматты түрде аударылады. Ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған төлемдер оларды заңды қамқорлығына алған азаматтардың есепшоттарына түседі.
