УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАЙЫҚ” АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Screenshot

“Баланы мектепке дайындайық”. Шымкентте оқушылар үшін арнайы акция өтті. Шара барысында 50 бүлдіршін кеңсе тауарларымен толықтырылған мектеп сөмкелерін алып, play park балалар ойын сауық орталығына тегін кірді. Бұл “Amanat” партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты комиссиясының мүшелері мен Shymkent City Mall сауда орталығы әкімшілігі ұйымдастырған қайырымдылық акциясы. Осыған дейін шара аясында мұндай сөмкелер 100 балаға табысталған. Жауаптылар жаңа оқу жылы басталғанша 2000 балаға мектепке керек жарақтарды үлестіруді жоспарлап отыр.