Заңгердің көмегін тегін алыңыз. Шымкентте Конситутцияның 30 жылдығына орай Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні өтті. Шараны әділет департаментінің мамандары ұйымдастырған.
Іс-шарада әділет департаменті, жергілікті басқарма мамандары мен адвокаттар келушілердің сұрақтарына жауап беріп, құқықтық мәселері бойынша кеңес берді.
Мұндай шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қажетті заңгерлік көмекті қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, тегін құқықтық көмек көрсету акциясынан шалғай ауданда тұратын тұрғындар да қағылмайды. Жауаптылар тегін кеңес көрсетуді айына бір рет өткізіп тұрады.
