Ұлтаралық келісімді сақтау және қоғамдық бірлікті нығайту – барша азаматтың ортақ міндеті. Осы мақсатта құқық қорғау органдарының өкілдері мен этносаралық қауымдастықтар бас қосып, «Заң мен тәртіп – қоғамдық бірліктің кепілі» тақырыбында ашық пікір алмасты.
Кездесу барысында құқық қорғау қызметкерлері заң талаптарын түсіндіріп, қоғам мүшелерінің ұлтына, нәсіліне немесе діни сеніміне қарамастан тең құқыққа ие екендігін атап өтті. Сондай-ақ, заманауи қоғамда заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы – елдің тұрақты дамуы мен халықтың бейбіт өмірінің басты кепілі екені айтылды.
Жиында заң мен тәртіп тақырыбындағы кездесулердің санын арттыру, шалғай аудандардағы өзге ұлт өкілдерімен кездесулерге құқық қорғау органдарының қатысуы және ПД мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара іс-қимылын күшейту мәселелері талқыланды.
Мұндай басқосулар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, этносаралық келісімді нығайтуға және қоғамдағы тыныштықты сақтауға ықпал етеді.
