УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МИНИСТР: ПРОКАТҚА ШЫҚҚАН КИНОНЫҢ МАЗМҰНЫНА НАРАЗЫЛЫҚ КӨБЕЙГЕН

Screenshot

Министр Аида Балаева кездесу барысында кино саласына да ерекше тоқталды. Бүгінде жас ұрпаққа тәлімдік мән беретін туындылар саны азайып, шектен шығып кететін кинолардың да бар екенін жасырмады. Енді министрлік прокатқа шығатын әр кинодан үзінді алып, тексеруден өткізеді.

Жиында қазақфильм туралы ресми ақпарат берілді. Елде түрлі қауөсек шығып, қазақфильм құрдымға кетіп, жері сатылған деген әңгімелерде болған. Министр бұл сұрақты да жауапсыз қалдырмады. Енді қазақфильм қаржыландырылып, тәрбиелік мәні бар сапалы кино түсіруге кіріседі екен. Айта кетейік, биыл күзде қазақфильмнің туындысы капитан байтасов киносы халыққа жол тартады.

Сонымен бірге, биыл қазақ өнерінің күйшісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде Парижде тойланады. Сонымен қоса, келесі жылы әнші Ермек Серкебаев пен кино өнерінің тарихи тұлғасы Абдулла Қарсақбаевтардың да 100 жылдықтары ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді.