Бұдан бұлай медаль төске оңайлықпен тағылмайды. Яғни, түрлі сала үздіктерін марапаттауда ережелер қатаңдатылады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат Министрі Аида Балаева шымкенттіктермен кездесу барысында мәлімдеді. Сөзінше енді ақпарат-мәдениет үздігі сынды “атақты” тек 15 жыл еңбек өтілі бар азаматтар ала алады. Осыған дейін салаға кеше келген мамандарға медаль берілген жағдай тіркеліпті. Бұдан өзге министр заңдағы өзгерістерді насихаттауда қоғамдық кеңес жұмысының маңызы зор екенін жеткізді.
