«Балауса» шығармашылық ұжымының акробаттары бүгінде Ұлттық ұлан сапында әскери борышын өтеп жүр.
Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінің сарбаздары Арман Қайырбаев пен Азизбек Қалмағанбетов — өнерде жұп, өмірде дос, ал әскерде қарулас. Екеуін табыстырған орта – сахна. Енді олардың арасындағы байланысты Отан алдындағы міндет нығайта түсті.
Шығармашылық ортада үйренген тәртіп пен дайындыққа деген жауапкершілік екі жігіттің әскери өмірге тез бейімделуіне ықпал еткен. Әскерге шақырту келгенде, олар көп ойланбастан азаматтық борышты бірге өтеуге шешім қабылдапты. Азизбек оқудан академиялық демалыс алып, қатарлас досымен бірге сап түзегенді жөн көрген.
