Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған. Абайдың өлеңдері сахна төрінде жаңғырды. Мегаполисте Абай әлемі республикалық байқауы жоғары деңгейде өтті. Көрермен ұлы ойшылдың өмір жолын бейнелеген әсерлі көріністің куәсі болды.
Ұлы ойшылдың әдеби-рухани мұрасын дәріптеп, халықтың таным көкжиегін кеңейту, көркем әдебиетке құштарлықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңі онлайн форматта өткен.
Салтанатты жиында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек хакім Абайдың 180 жялдығымен құттықтады. Биылғы байқаудың жүлде қоры 5 млн теңгеден аса асатынын айтты.
Үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Абай әлемі» байқауы – Абай мұрасын насихаттаудың жарқын үлгісі. Деседе Биыл республикалық деңгейде ұйымдастырылған сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығындағы 117 үміткер қатысып, оның ішінен іріктелген 26 жас талант финалға жолдама алған. Осылайша сахнада тағы екі кезең бойынша қылмықтыны анықтадық
Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан жиналған жас дарындар Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқып, өмірі мен шығармашылығына қатысты тың зерттеулерін ұсынды.
Сахнада Абайдың сырлы әндері шырқалып, залды мөлдір әуен мен терең ойдың арнасына бөледі. Көрермендер ұлы мұраның құдіретіне қанығып, бір сәтке болсын Абай дәуірінің рухын сезінді.
Байқау мәресіне жетті. Қатысушылардың арасынан шын жүйріктер ғана оза шапты. Соның ішінде 6506 әскери бөлімінің қызметкері Мәлік Бекжан шеберлігімен де, жігерімен де ерекшеленіп, бас жүлдені жеңіп алды. Ол 1 миллион теңгелік ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал Батыс Қазақстан өңірінен келген Азат Мыңбаев тамаша өнерімен көпшілікті тәнті етіп, бірінші орынды қанжығасына байлады. Оның жүлдесі – 700 мың теңге.
