УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

13 ЖҰМЫСШЫ ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТ АЛДЫ: ТӨРТЕУІ ҚАЗА ТАПТЫ

Жыл басынан бері шаһарда өндірістік жарақаттан 4 адам қайтыс болған. Бұл туралы брифинг барысында Еңбек инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Жеңіс Тіллабайұлы мәлімдеді.Жалпы Шымкентте өндірісте 13 жазатайым оқиға тіркелген. Салдарынан 9 жұмыскер ауыр жарақат алған. Бұл жағдайлар құрылыс, өндіріс, коммуналдық қызмет пен қызмет көрсету және көлік салаларында тіркеліпті.

Айта кетейік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау инспекциясына арыз-шағымды тек мекемеге келіп ғана емес, онлайн да өтінім тастауға болады. Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының сөзінше арыз саны азаймай тұр. Бірақ, Бұл барлық кәсіпкерлердің жауапсыздығын көрсетпейді дейді.