Экология департаментінің мамандары шаһардағы көліктердің шығарындыларын тексерген.
Жыл басынан бері полицейлермен бірлесіп рейд ұйымдастырған. Бастаманың мақсаты – көліктердің шығарындысындағы зиянды заттардың деңгейін бақылау. Мегаполисте ауаның ластануына көлік түтіні де себеп. Қалада темір тұлпар саны да жыл санап артуда. Сондықтан бұл мәселе ерекше маңызды.
Шымкентт көлік шығарындыларын бақылау жұмыстарын күшейтті.
Жауаптылар 125 автокөлік тексерген. Нәтижесінде 52 көліктен шығарындылар рұқсат нормадан жоғары болып шықты. Оның 9 дизель, 28 газ-бензин көліктер.
Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
