Жаңа оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Бұл – ата-аналар үшін мектепке дайындық қызған шақ деген сөз.
Осы кезеңде еліміз бойынша дәстүрлі “Мектепке жол” акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, және ең бастысы – баланың әлеуметтік жағдайына байланысты мектепке келмей қалуының алдын алу. Елімізде 510 мың балаға «Мектепке жол» акциясы аясында қаржылай көмек беріледі. Ал үшінші мегаполистік 56 мыңнан аса оқушыға киім-кешегі мен оқу құралдары үшін қалалық бюждеттен әр балаға 43 500 теңгеден бөлініп отыр. Қазір 2 мен 9 сынып арасындағы оқушылардың құжатын қабылдап, ақша аударуға дайындық жұмысы жүріп жатыр. Мемлекеттік қолдауға қоса, кәсіпкерлер мен еріктілер де белсенді қатысуда.
