УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Screenshot

Комиссия зерделеген нысандардың барлығында жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Дегенмен, Бахадыр Нарымбетов бастаған топ кейбір мекемелердегі жұмыс қарқыны мен сапасына байланысты сын ескертпелер айтты. Жөндеу мен жаңғырту істерінің кешігуі немесе материал сапасының төмендігі алдағы маусымда үлкен тәуекелге айналуы мүмкін екенін ескертті.

Мәслихат өкілдері жылу жүйелері толыққанды әрі үзіліссіз жұмыс істеуі тиіс екенін айтып, мердігер мекемелерге жұмысты сапалы әрі нақты мерзімде аяқтауды тапсырды. Комиссия жұмысты кезең-кезеңімен бақылауда ұстайтынын жеткізді. Тексеріс барысында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмады. Жалпы, бұл аралау – қаладағы жылу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты әрекет. Қоғамның сұранысына лайық қызмет көрсету – басты талап.