Елде қоғамдық орындарда бет-әлпетті тұмшалауға рұқсат жоқ! Президент заңға қол қойған! Ендігі тыйым заң жүзінде салынып отыр. Бұл өзгеріс — қоғамдық қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз ету жолындағы нақты қадам, дейді құзврлылар. Енді қоғамдық орында бетті толықтай жауып тұратын никаб, паранджа, балаклава мен бетперде секілді киім түрлерін киюге болмайды.
Айыппұлдан бұрын – ескерту. Бастапқыда ескерту беріледі немесе 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал талапты қайталап бұзғандар 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды. Жаңа заң – діни нанымға емес, қауіпсіздікке бағытталған талап, дейді жауаптылар.
Айта кетейік Осы заңнамалық өзгерісті халыққа түсіндіру мақсатында 2025 жылдың шілде айында Шымкентте 403 іс-шара өткізіліп, оған 29 603 азамат қамтылған.Мақсат заң талабын түсіндіру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Мешіттерде, еңбек ұжымдарында, жастар және әлеуметтік осал топтар арасында түсіндіру шарасы кеңінен жүргізілген.
