Шымкентте ҚР Конституциясының 30 жылдығы аясында Shymkent Creative Hub қолдауымен шеберлік сабағы өтті.
Сабақты суретші Тельходжаева Айман жүргізіп, қатысушыларға эпоксидті шайыр мен ағашты ұштастыра отырып, қазақы ою-өрнекпен әшекей жасаудың қыр-сырын үйретті.
Шараға Айман ханымның жас шәкірттері қатысып, ұлттық нақыштағы бұйымдарды өз қолымен жасап көрді.
