УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕРГЕ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖҰМЫСЫ ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ

Screenshot

Business.enbek.kz порталы арқылы 2025 жылғы 11 тамыздан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 2-лек бойынша гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Бұл – мемлекет тарапынан қайтарымсыз негізде берілетін қолдау. Яғни грант тек жаңа бизнесті бастау мен дамыту мақсатында пайдаланылады. 2025 жылы республика бойынша екінші лекте 4 873 адамға грант беру жоспарланып отыр. Алайда, осы мүмкіндікті пайдаланып, “грант алып береміз” деп уәде беретін алаяқтар көбейіп келеді. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек брифинг барысында арнайы ескертіп, тұрғындарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.