УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Screenshot

Шымкентте тұрғын үй кезегі жылжып жатыр. 

Мегаполисте баспанаға мұқтаж тағы 30 отбасы пәтерлі болды. Жылдар бойы кезегін күтіп, өз шаңырағына қол жеткізуді армандаған азаматтарға сатып алу құқығымен жалдамалы пәтерлердің кілтін әкімнің өзі табыстады.

Енді Асар-2 шағынауданында орналасқан баспаналар тұрғындардың жаңа мекеніне айналмақ. Біреудің босағасын паналап, ай сайын пәтерақы төлеумен күн кешу кімге оңай дейсіз?! Жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрып, өз шаңырағына қол жеткізуді армандаған швмкенттіктер бұл күні  қуанышқа кенелді.

Көптен күткен кілтті қолына алған азаматтардың қуанышында шек жоқ. Қала әкімінің қолынан баспана кілтін алған отбасылар енді өз шаңырағында алаңсыз өмір сүруге мүмкіндік алды. Ұзақ жылдар бойы кезегін күткен тұрғындар үшін бұл күннің орны бөлек.

Айта кетейік, Шымкентте жыл соңына дейін 9 мыңнан астам пәтердің кілтін табыстау жоспарланған. Қазіргі таңда оның 4 мыңнан астамы  тұрғындарға берілген. Тұрғын үй кезегінің жылжуы — баспанаға мұқтаж отбасылар үшін үлкен мүмкіндік.