УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ДЕМЕУШІЛЕР ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН: ТЕКЕСУ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Screenshot

Шымкент қаласына қарасты Текесу елдімекенінде көптен күткен ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді. Бұрын шелегін арқалап бұлақ жағалап жүрген жұрт, енді үйінде отырып-ақ таза судың дәмін татады. Текесу елді мекеніне ішіне 14 шақырым су құбыры тартылып, қуаты жоғары заманауи сорғы станциясы орнатылды. Жағымды жаңалықты елмен бөлісу үшін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы халықтың алдына срнайы келді.

Тұрғындар енді тіршілік нәрін алыстан тасымай-ақ, үйінен ішеді. Бұл — тек инфрақұрылымдық шешім емес, бұл — тұрғындарға деген қамқорлықтың, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Жоба ешқандай бюджеттік қаражатсыз, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жүзеге асыпты.

Жаңа жүйе 130-дан астам үй мен әлеуметтік нысанды қамтиды. Құрылыс жұмыстарын “Су құбыры және канализация басқармасы” үйлестіріп, белгіленген мерзімде аяқтады.

Кездесу кезінде сала мамандары инфрақұрылым тарту жұмыстары басқа елдімекендерде де жалғасатынын жеткізді.