УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТАҒЫ 8 ОТБАСЫ КӨКСАЙДАҒЫ ЕСКІ ҮЙДЕН КӨШІРІЛДІ

Screenshot

Көксай шағынауданында 8 отбасы жаңа баспанаға ие болды. қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі, 3-үйдің тұрғындарына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Осы ескі көпқабатты пәтерде Әсел Убесова 18 жылдан бері тұрып келген. Қазіргі таңда жаңа пәтердің кілтін алуда. Бұл қоныс той — Көксайды жаңғырту тұжырымдамасы аясында жүзеге асқан алғашқы кезеңдердің бірі. Аталған жоба былтыр қала әкімінің тапсырмасымен бастау алған. Тұжырымдама мақсаты ескі, тозығы жеткен үйлерде тұрып жатқан азаматтарды жайлы, әрі заманауи пәтерлерге көшіру.

Жаңа пәтерлер бөлме саны жағынан бұрынғы үйлермен тең. Әрқайсысы жөнделген, қоныстануға толықтай дайын. Сондай ақ Сала жауаптыларының айтуынша Жаңғырту жалғасады. Жоба аясында болашақта ескі көпқабатты үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер бой көтеретін болады.