УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚОС БАЛУАН U20 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Словакияның Братислава қаласында өткен еркін күрестен U20 әлем чемпионатында түркістандық қос балуан жүлдеге ие болды. Жүлдегер спортшыларды Түркістан халықаралық әуежайынан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Құдияров, Түркістан облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Нұрбол Еребаев, сала мамандары, сондай-ақ туған-туыстары мен достары салтанатты түрде қарсы алды.

61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Бекасыл Асамбек финалда АҚШ балуанымен белдесіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрасыл Асамбек үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлдені еншіледі.

Қарсы алу рәсімінде қос балуан көрсетілген қолдау үшін алғыс айтып, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруға бар күшін салатынын жеткізді.

Бекасыл — күміс, Нұрасыл — қола жүлдегер. Осылайша Түркістан спортының мерейін асырған ағайынды балуандар елге олжамен оралды.