УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІ АЛМАТЫҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Түркістаннан Алматыға! Қазығұрттың қып-қызыл шырынды алмасы, Жетісайдың тіл үйірер тәтті қарбызы мен Шардараның пиязы — бұл тек бергі жағы. Жалпы салмағы 534 тонна болатын ауыл шаруашылығы өнімі тиелген 31 жүк көлігі Алматыға жол тартты.

Енді алдағы екі күн бойы Алматы қаласында арнайы жәрмеңке өтеді. Ең бастысы — арада алыпсатарлар болмағандықтан, баға нарықтан 20-30 пайызға төмен болады. Алматыдан кейін Түркістан өңірінің өнімдері Астана мен Семей қалаларына жол тартады.

Айта кетсек, биыл Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден еліміз бойынша көш бастап тұр. Өңірде 458 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл берекелі өнімдер қазір Қазақстанның әр түкпіріне жөнелтіліп жатыр. Дәстүрлі керуенге жыл сайын қосылатын кәсіпкерлер де жобаның тиімділігін атап өтті.