УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

САЙРАМ: «ҚОРҒАУ» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 30 ЖҮРГІЗУШІНІҢ БЕРЕШЕГІ ӨНДІРІЛДІ

Түркістан облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әкімшілік айыппұлдарды өндіру бағытында профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Сайрам аудандық полиция басқармасының патрульдік полиция тобының қызметкерлері «Қорғау» ақпараттық жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдардан жалтарып жүрген 30 автокөлік жүргізушісінің 1 миллион теңгеге жуық берешегі барын анықтады.

Мәселен, «Toyota Camry» маркалы автокөлік иесі белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 2 айдан бері айыппұлын төлемегені анықталып, көлігі айыптұраққа қойылды.

Полиция қызметкерлері азаматтарға әкімшілік айыппұлдарды белгіленген мерзімде төлеудің маңыздылығын ескертеді.