УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҢ ТӘТТІ АЛМАСЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімін шетелге шығару жолға қойылып келеді. Мәселен, Түлкібастың алмасы Ресей мен Орталық Азия елдеріне жөнелтілуде.

Бүгінде өңірде жеміс-жидек, көкөніс және ет өнімдерін қайта өңдеу қарқын алған. Түркістан облысында 13 мың 400 гектардан астам алма бағы бар. Соның 3 мың гектардан астамы – Түлкібас ауданында.

Қазір мұнда алма теру науқаны қызу жүріп жатыр. Алманың нарықтағы жолы мұнымен бітпейді. Жергілікті кәсіпкерлер өнімді ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін заманауи қоймалар салған. Ауданда қазір 7 мың тоннаға жуық өнім сақтайтын қойма жұмыс істейді.

Түлкібас – алманың отаны, создықтан мұнда шырын шығаруға шикізат жеткілікті.

Жемістен тәтті шырын өндіретін бірнеше зауыт жұмыс істейді. Жергілікті баулардан жиналған жемістер қайта өңделіп, нарыққа шығарылуда.

Бұрын жерде қалып, ысырап болатын алма енді жаңа өнімге айналып жатыр. Түлкібаста жемісті қайта өңдейтін заманауи цехтар белсенді жұмыс жүргізуде.

Айта кетсек, бүгінде азық-түлік өнімдерін өңдеу бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.