Түркістанда отандық парламентаризмнің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатталды.
Түркістан облысында өткен салтанатты жиында өңір басшысы Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының атынан «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.
Марапат иелерінің қатарында әр жылдары Парламентте депутаттық қызмет атқарған азаматтар, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметте еңбек етіп, елдің заңнамалық және мемлекеттік институттарының дамуына үлес қосқан тұлғалар бар. Мерейтойлық медаль Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына орай тағайындалған.
Айта кетсек, Ел Парламентінің 30 жылдық қызметі барысында еліміздің құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған 3,5 мыңға жуық заң қабылданды. Сонымен қатар Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында 1400-ден астам халықаралық шарт ратификацияланды.
