Созақтық полицейлер киелі мекеннің аумағын тазалады! Тәртіп сақшылары бұл жолы қолдарына күрек пен сыпырғы алып, «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосты.
Олар Созақ ауданындағы Ысқақ баба кесенесінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Полицейлер кесене төңірегіндегі өскен шөптерді шауып, шашылған қоқыстарды жинап, айналаны толық ретке келтірді. Нәтижесінде 20-дан астам қап шөп қалдығы арнайы орынға шығарылды.
Ысқақ баба кесенесі – халық қастер тұтатын, туристер жиі келетін маңызды тарихи-мәдени орындардың бірі. Сондықтан оның аумағын таза әрі көрікті ұстау – ортақ міндет.
Полицейлердің бұл бастамасы қасиетті мекенге келушілерге қолайлы жағдай қалыптастырып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Тәртіп сақшылары туған жердің тазалығын сақтап, киелі орындардың қадірін арттыруға барша тұрғындарды үлес қосуға шақырады.
