УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Ауыл тұрғындары тазалыққа белсене қатысты! Яссы ауылдық округінің Еңбекші-Диқан елді мекенінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

Яссы ауылдық округінде бүгінде 3 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді. Туған өлкенің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздеген игі бастамаға ауыл ақсақалдары, жастар, мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсене қатысты.

Шара барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандардың айналасы және арық-атыздар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар арамшөптер шабылып, ағаштардың түбі әктелді. Ауыл аумағын абаттандыру бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды.

Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындарының белсенді араласуы – туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі. Жұртшылық мұндай шаралар елді мекеннің ажарын ашып қана қоймай, өскелең ұрпаққа қоршаған ортаны қорғаудың маңызын ұғындыруға ықпал ететінін атап өтті.