Бүгінде қала аумағында 2335 аялдама орны тіркелген. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жолаушы тығыз орналасқан, сұранысы жоғары аймақтарда 300 жаңа аялдама павильоны пайдалануға беріліпті.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңістіктегі тілдік мәдениетті арттыруға баса назар аударылуда. Қалада аялдамаларға қазақ тілінде атау беру жұмысы кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қазіргі таңда 1062 аялдама атауы ресми түрде орнатылды. Бұдан бөлек, 771 аялдамада жолаушыларға арналған ақпараттық тақтайшалармен жабдықтау жұмыстары аяқталды.
Жеке инвесторлар есебінен де бастамалар қолға алынған. Қазіргі таңда қалада 62 коммерциялық аялдама павильоны салынуда.
