УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ФЕРМЕРЛЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА: ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ БАСТАЛДЫ

Елде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл мемлекет бойынша әр 10 жылдықта өткізілетін маңызды шара. Айта кетейік, 2025 жылы санақ 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтеді. Шымкентте ауыл шаруашылығы санағынан өткізу үшін арнайы орындар да белгіленген. “Жиенбай — К” өндірістік кооперативінің басшысы санаққа алғашқылардың бірі болып қатысуда. 1997 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысатын маман бұл санақтың фермерге ешқандай зияны жоқ екенін айтуда. Керісінше мұндай мүмкіндік агроқұрылымдардың жағдайының жақсаруына мүмкіндік береді дегенді алға тартуда.

Айта кетсек, статистика департаментінің мамандаря алғашқы санақ күнінің нәтижесін әлі есептеуде. Дегенмен шымкенттік шаруалардығ белсенділігі жаман емес. Жауаптылар санақтан өту міндет екенін тағыда еске салды.