УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ: ЕҢБЕК АДАМЫ ТӨРГЕ ШЫҚТЫ

Еңбек адамы төрге шыққан күн! Түркістан облысында су шаруашылығы жұмыскерлерінің күні кең көлемде аталып өтті. Ордабасы ауданындағы «Бөген» су қоймасында ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға сала ардагерлері, инженерлер мен су шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Олардың еткен еңбегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше  екенін атап өтті.

Бүгінде өңірде 575 мың гектар суармалы жер бар. Сонымен қатар су шаруашылығы жүйесіне 42 су қоймасы, 4 мыңнан астам канал, 1 794 тік ұңғыма және 1 256 қашыртқы кіреді. Биыл су қоймаларындағы су көлемі 2,4 миллиард текше метрге артып, толу деңгейі 50 пайызға жеткен. Мереке аясында елдің амандығы мен су қорының мол болуы үшін тасаттық берілді.

Сондай-ақ салтанатты шара аясында “Қазсушар» мекемесінің Түркістан облыстық филиалына 25 мотоцикл мен 4 трактор табысталды.

Кәсіби мереке аясында сала мамандарының мерейі үстем болды. Су шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталды.

Осылайша, кәсіби мереке аясында су шаруашылығы саласының қызметкерлері құрметке бөленіп, кеш концерттік бағдарламамен аяқталды.