УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

САРЫАҒАШТАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ЖАҢАРТЫЛУДА

Сарыағаштағы теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапары барысында нысанда болып, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Өңір басшысы мердігер компанияға жұмысты жеделдетіп, сапаны қатаң бақылауда ұстап, вокзалды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.

Бүгінде нысандағы құрылыс жұмыстарының тең жартысы аяқталған. Жоба аясында вокзал ғимаратының аумағы кеңейтіліп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалмақ.

Жаңартылған вокзал тәулігіне 145–155 жолаушыға қызмет көрсетіп, бес жұп пойызды қабылдай алады. Мамандардың айтуынша, құжаттағы мерзім қараша айы болғанымен, құрылыс жұмыстарын биылғы тамыздың соңына дейін аяқтап, нысанды пайдалануға беру көзделіп отыр.