УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЖЕҢІСПЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістанның жас балуаны Азияны мойындатты. Тайландтың Паттайя қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен Азия чемпионатында жерлесіміз Бекасыл Асамбек 60 келі салмақта барлық қарсыласынан басым түсіп, құрлық чемпионы атанды. Азия чемпионын Түркістан халықаралық әуежайында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, спорт ардагерлері, бапкерлері, туған-туыстары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.

Жиналғандар жеңімпазға құрмет көрсетіліп, алдағы Словакияда өтетін әлем чемпионатында да ел намысын абыроймен қорғап, алтын жүлде иеленуіне тілек білдірілді.

Бекасыл Асамбектің бұл жеңісі – қажырлы еңбек пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Айта кетейік, ол Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы және Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медальді сыйлады.