Аптап ыстықта тұрғындар жиі тұтынатын ол әрине мұздай балмұздақ! Жалпы жыл басынан бері уланудың екі жағдайы тіркелген. Бірінші жағдайда 8 адам зардап шеккен. Ал екінші жағдайда, жұмсақ балмұздақтан 17 адам уланып қалған. Мамандар жұмсақ балмұздақты, тек дайындалған орында ғана сатуға жол берілетінін айтуда. Және бұл өнім тек сатылар алдында дайындалады.Шикі жұмыртқа, шикі пастерленбеген сүтті пайдалануға рұқсат жоқ дейді мамандар. Қоспалардың сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы да шарт.
Сондай-ақ жазғы маусымда тұрғындар шомылу орындарына жиі барады. Мұндада санитарлық талаптар бекітілген. Нысандарға мамандар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Мамандар жоспардан тыс тексеру жұмысын қай жағдайда жүргізе алады? Өздері айтып берсін.
Шымкентте қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын талап қатаң! Бұл туралы брифинг барысында санитариялық эпидемиологиялық бақялау департаментінің басшы орынбасары баяндады. Сөзінше түрлі деңгейдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін келушілер мен персоналға араналған қол жуу құрылғыларымен және қамтылуы тиіс. Тамақтану объектілерінде желдету және ауа баптау, жылумен жабдықтау жүйелері болуы шарт. Ал мейрамхана, кафе, асханаға келушілерге арналған киім ілетін орын, санитариялық торап, тамақтану залы, бар, темекі бұйымдарын тұтынуға арналған орын қарастырылу керек.
