УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК: КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БАДАМ — 2 ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ӨТТІ

Screenshot

Шымкентте Бадам-2 тұрғын алабында «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Бұл жолғы қабылдауға 30-ға жуық тұрғын келіп, күнделікті өмірде туындаған әлеуметтік-тұрмыстық түйткілдерін жеткізді.

Қабылдауға мәслихат депутаттары, басқарма басшылары мен аудандық әкімдік өкілдері қатысып, әр азаматтың өтінішін тыңдап, нақты шешу жолдарын қарастыруға уәде берді. Айта кетейік, жыл басынан бері осындай қабылдауларда 160-қа жуық тұрғын жеке мәселесімен жүгінген.

Тұрғындар көтерген басты мәселелер – қаптаған қаңғыбас иттер, емдеу мекемесінің тарлығы және ең өзектісі инфрақұрылымның әлсіздігі. Алаңсыз өмір сүруге кедергі келтіріп тұрған бұл түйткілдер жылдар бойы қордаланып келген.

Қоғамдық қабылдау қорытындысы бойынша әрбір өтініш арнайы тіркеуге алынып, сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктелді. Жауаптылар бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін айтып, тұрғындарға тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.