УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

АҚ ХАЛАТТЫЛАР ТӨРГЕ ШЫҚТЫ

Маусым айының 3ші жексенбісі медицина қызметкерлерінің мерекесі. Ақ халаты абзал жандардың сыйға бөленетін күндері. Кәсіби мереке қарсаңында  Түркістандық адам жанының жанашырлары ерекше құметке бөленіп төрге шықты. Денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген мамандар, ардагерлер мен сала өкілдері жиналған жиында ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы орны ерекше атап өтілді. Мерекелік кеште облыс әкімі Нұралхан Көшеров сала қызметкерлерін құттықтап, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға тоқталды. Соңғы үш жылда өңірде 115 медициналық нысан салынып, медициналық ұйымдар заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылған.

Сала дамуына үлес қосқан ондаған маманға құрмет көрсетілді

Мерекенің әсерлі тұстарының бірі қатерлі дертті жеңіп шыққан науқастар сахнаға шығып, өз өмірлерін сақтап қалған дәрігерлерге ерекше алғыстарын жеткізген сәті болды

Айта кетейік, бүгінде Түркістанда ана мен бала өлімі көрсеткіші төмендеп, жылжымалы кешендер арқылы шалғайдағы ауылдарда 434 мыңнан астам тұрғын скринингтен өткен. Ақ халаттылардың жанкешті еңбегі – ел саулығының кепілі.