УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстарға мониторинг жүргізілді. Ресми мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері қоғамдық орындардың тазалығын бұзған азаматтарға қатысты мыңдаған әкімшілік хаттама толтырылған. Нәтижесінде 120 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар тұрғындардан түсетін өтініштерді жедел қарауға мүмкіндік беретін «TazaQazBot» Telegram чат-боты арқылы 237 өтінім қабылданған. Оның басым бөлігі орындалып, қалғаны қаралу үстінде.Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстарға мониторинг жүргізілді. Облыс әкімі аудан және қала басшыларына елді мекендердегі тазалық пен көріктендіру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап, анықталған кемшіліктерді жедел жоюды тапсырды. Сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

Мамандардың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, әрбір азаматтың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру.