УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстардың барысы қаралды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты жандандыруды тапсырды. Бүгінде өңірде жастарды жұмыспен қамту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда өңірде жұмыссыз ретінде тіркелген NEET санатындағы жастарды еңбек нарығына тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде еңбек қатынастарын заңдастыру және азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде жоспарланған 11 509 адамның 8 485-імен электронды еңбек шарты рәсімделген.