УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

САРЫАҒАШ ТӨРІНДЕГІ САЛТАНАТ: 200 САРБАЗ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Сарыағаш төрінде ерекше күн. Жүздерінен от жанған, бойына жігер толы 200 боздақ – туған жер, ата-ана алдында Отанды қорғауға ант берді. Оңтүстік өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөліміне Алматы мен төрт бірдей облыстан шақырылған боздақтар бір ай бойы жауынгерлік өмірдің қыр-сырын үйреніп, бүгін салтанатты түрде сапқа тұрды.

Бір айлық «жас сарбаз» курсы аясында қару-жарақпен жұмыс істеуді үйреніп, саптық дайындықты шыңдаған сарбаздар, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыруға дайын екендерін ресми түрде жариялады.

Шара барысында үздік нәтиже көрсеткен сарбаздар марапатталып, олардың ата-аналарына алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, жас жауынгерлер саптық дефиле мен армиялық қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін паш етіп, жиылған қауымның қошеметіне бөленді.