УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МЕН ГУЙЧЖОУ ПРОВИНЦИЯСЫ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысы мен Қытайдың Гуйчжоу провинциясы арасындағы байланыс жаңа белеске көтерілмек. Өңірге арнайы келген қытайлық делегация мүшелері облыс әкімдігінде кездесу өткізіп, инвестициялық және сауда-экономикалық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.Тараптар әсіресе туризм, цифрлық технологиялар мен ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңірдің логистикалық мүмкіндіктері мен инвесторларға жасалған жағдайларды егжей-тегжейлі таныстырды. Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 148 млрд теңгеге жуық 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Кездесу соңында тараптар өңіраралық байланысты жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығын атап өтті. Ең басты нәтиже – алдағы уақытта Түркістан мен Гуйчжоу провинциясы арасында бауырластық туралы келісімге қол қою бастамасы көтерілді. Бұл екі тарапқа да жаңа экономикалық мүмкіндіктер есігін ашпақ.