УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛДАЛА АУЫЛЫНДАҒЫ ТОҒАН АРНАСЫНАН АСТЫ: ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

Толассыз жауған жаңбыр ауыл тұрғындарын әбігерге салды. Нөсер жауын салдарынан Қазығұрт ауданына қарасты Қызылдала ауылының көлшігіне су құйылып, арнасынан тасуына себеп болған. Абырой болғанда баспаналарды су баспады. Зардап шеккендер де жоқ. Қазіргі таңда аумақта жағдай бақылауға алынған.  Төтеншеліктер мен ауыл әкімі кірпік қақпай, алдын алу жұмысын қамданған. Тұрғындардың сөзінше олар жыл сайын өздері бөгет жасайтын көрінеді.

Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары бұл аумақтың заңсыз салынғанын айтты. Оның сөзінше, тұрғындарға бірнеше рет ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін халық арасында түсіндіру жұмыстары қайта күшейтілмек.

Айта кетейік, бұған дейін де Төлеби мен Қазығұрт аудандарында шелектеп жауған жауын салдарынан бірнеше аумақты су шайған болатын. Қазіргі таңда жағдай жауапты мамандардың бақылауына алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.