Шымкентте жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүргізілуде. Биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын оқушылар саны 27 мыңнан асады. Бүгінде оның 21 097-сі құжат тапсырып үлгерген. Өтініштердің басым бөлігі электронды форматта egov.kz порталы арқылы қабылданған. Әкімдік ата-аналарға қағаз түрінде емес, цифрлық өтініш берудің ыңғайлы екенін айтуда. Ал құжат жолдап үлгермеген тұрғындарды жылдамдатуға шақырды. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға «Мектепке жол» акциясы аясында әр оқушыға 46 500 теңгеден қаржылай көмек көрсетілмек. Бұл көмекті 56 мыңнан астам бала алатыны белгілі болды. Жалпы осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 2,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.
