Шымкентте Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұхарбай Парманов жүргізді. Жиынға кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, тиісті мемлекеттік орган басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы К.Көшекбаевтың, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә.Оңғардың, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы А.Жұмағұлованың баяндамалары тыңдалып, назарға алынды.
Шымкент қаласы Табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – ТМС) тіркелімінде 76 қызмет түрі бойынша 56 ТМС енгізілген. Бұдан басқа, қоғамдық маңызы бар нарықтың 1 субъектісі бар.
Департамент 5 базалық ТМС қызметін реттейді («Су құбыры және канализация» МКК, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС, «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ ШӨФ). Қазіргі таңда барлығы Заң талабына сәйкес 5 жылдық тарифтері бекітіліп жұмыс істеп жатыр. Қоғамдық кеңес мүшелері сауалдарын жолдап, жауап алды.
