УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

АЛЫП КИІЗ ҮЙДЕ АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Түркістандағы жаңа этно-туристік кешенде келелі басқосу өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің зиялы қауым өкілдерін жинады. Алқалы жиын барысында, алдымен, облыс басшысы өңірдің дамуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар жуырда өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті қорытындысына тоқталып, Президенттің өзі де атқарылған дайындық жұмыстарына жоғары баға беріп, өңір тұрғындарына және осы маңызды шараны ұйымдастыруға атсалысқан барша азаматтарға ерекше ризашылығын білдіргенін жеткізді. Бұл – ең алдымен, көне шаһардың халықаралық аренадағы биік абыройы және ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен әрбір азаматтың еңбегіне берілген әділ баға.

Сондай-ақ жиын барысында ауыл шаруашылығы саласынан бастап, уран өндіру және өңдеу, Шикізатты терең өңдеу, Инвесторларды қолдау және жобалардың жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын жеткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін айта тарқасты.