Үкіметтің кеңейтілген отырысында түркістан облысының инвестиция тарту жұмысы басқа өңірлерге үлгі ретінде ұсынылды. 2025 жылы өңірге тартылған инвестиция көлемі 1 млрд АҚШ долларынан асқан. Ал белгіленген норма 475 млн долларды құраған. Облыс Шетелдік инвестиция көрсеткішін еселеп атқарған. Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасау, дайын инфрақұрылым ұсыну және жобаларды толық сүйемелдеу жұмыстары жолға қойылған. Терең өңдеу саласын дамыту үшін салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған, 4397 гектарды құрайтын «Turan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге дайын инфрақұрылымы бар 21 индустриалды аймақ бар. Президентіміз үкіметтің кеңейтілген отырысында « -нақты нәтижеге жетемін деген ниет болса, бұл мәселені Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды сияқты қолда бар қаржымен де шешуге болады.- деді
Өңірдің алдағы жылдарға қойған жоспары да орасан. 2026-2029 жылдарға арналған 2,8 трлн теңгені құрайтын 111 жоба істе асырылмақ. Нәтижесінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Биылдың өзінде 66 жобаны іске асырып, 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр.
