Түркістан қаласында таэквандодан жастар арасындағы Республикамыздың чемпионаты өтіп жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 709 жас таэквандошы өзара бақ сынауда. Бес күнге созылатын бәсекенің қорытындысы бойынша сәуір айында Ташкент қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақталады.
Жарыстың бірніші күнінің қортысында ұлттық құрамаға 5 спортшы іріктелген
Түркістан қаласынынан чемпион атанған Акрамова Шахризада. 42 келі салмақта 5 қарсыласын жеңген. Не бәрі он төрт жастағы аруымыз әлем чемпионатына баратын құраманың ішіне кірді.
Чемпионаттың әділдігін 28 төреші қадағалайды. Оның ішінде 8 төреші төрелік етуге шет елдерлен алғызылған. Таэквандода бармақ басты көз қысты жоқ дейді чемпионттың бас төрешісі
Айта кетейік, ТҮркістанда биыл 40 тан аса спорттық халықаралық, қазақстан және әлем додалары өтеді. Демек спорттық туризімнің дамыған жылы болмақ
