Сайрам ауданындағы өзекті мәселелердің бірі – жол сапасының нашарлауы. Жаңа салынған автожолдар ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүктемесіне шыдамай, қысқа мерзімде бүлініп жатыр. Аудан әкіміне айталытн шағымдардың көшін де жол мәселесі бастайды екен. Әсіресе, Аудан аумағынан өтетін жүк көліктерінің салмағын бақылау үшін арнайы таразы қойылған. Алайда кейбір жүргізушілер негізгі жолдарды айналып өтіп, аудан ішіндегі жолдармен және жаңадан салынған көпір арқылы жүріп, инфрақұрылымға зиян келтіруде. Брифинг барысында аудан әкімі Мадияр Мұхтарұлы бұл бағытта құқықбұзушыларға қатысты хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынғанын айтты. Дегенмен, мәселені толық шешу бір ғана органның құзырындағы шаруа емес екенін атап өтті.
Сандарды сөйлетсек, өткен жылы аудандық маңызы бар 7 жол және 32 ішкі көше жөндеуден өткен. Ал 2026 жылға 4 аудандық жолды, 13 ішкі жолды және 9 көшені күнделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
