Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған 291 көлік айыптұраққа қойылды. жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол ережесін бұзған темір тұлпар иелері жауапқа тартылды. Рейд барысында полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар жүргізді.Нәтижесінде жол қозғалысы саласында 4 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.Олардың арасында көлік басқару құқығы жоқ 40-тан астам жүргізуші, сондай-ақ мас күйінде рөлге отырған 12 адам анықталған. Тіпті қарсы қозғалыс бағытында көлік басқарғандар да бар. Оларға тиісті жауапкершілікке тартылды. Жол ережесін өрескел бұзғаны үшін 291 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды
Қауіпсіз жол профилактикалық іш шарасы аясында тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және өзара сыйластықтың маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Сақшылар азаматтарды жолда барынша қырағы болуға, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Жолда мұқият болыңыз!
