Түркістан қаласындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек тұрғындарды жеке қабылдады. Азаматтар әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және инклюзивті ортаға қатысты мәселелерді көтерді.Қабылдау барысында мемлекеттік грант алу, жұмысқа заңсыз қысым көрсету, тегін ота жасау, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай қалыптастыру және білім саласын цифрландыру бойынша ұсыныстар айтылды. Бірқатар мәселе сол жерде шешіліп, қалғаны бойынша жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар берілді.Айта кетейік, жеке қабылдауға egov.kz, e-Otinish порталы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесі арқылы жазылуға болады.
