УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

БАЛАҢЫЗ ТҮНДЕ ҚАЙДА ЖҮР?: ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР РЕЙДТІ КҮШЕЙТТІ

Screenshot

Шымкентте Республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Мегаполистің тәртіп сақшылары рейдті де
Күшейткен. Қажымұқан атындағы орталық стадионға жиналған тәртіп сақшыларына Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов нақты тапсырмаларды жүктеді. Осылайша шаһардың бес ауданына бөлінген полиция департаменті қызметкерлерімен қатар жол патрульдік полициясы және еріктілер сағат түнгі он бірде өз жұмысын бастады. Сағат он бірден кейін заңды өкілісіз, жүрген жасөспірімдерді анықтады. Сондай-ақ, компьютерлік клубтардағы кәмелетке толмаған балаларға түсіндірме жүргізіп, ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұдан өзге мейрамханалардағы қор-қор өнімін пайдаланғандар да, оны сатқан мейрамхана әкімшілігі де айыппұл арқалады. Бұдан өзге түнгі клубта ішімдік ішкен жасөспірімдерді тексеру жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында қаладағы мейрамхана біріне келген қонақтардың қор-қор өнімін емін-еркін пайдаланып, отырғанын байқадяқ. Полиция қызметкерлері бұған дейін де “кальянға” тыйым туралы мейрамханалардың әкімшіліктеріне ескертіп келгенін алға тартты. заң аясында оларға хаттамалар түзілді. Бір қызығы қала тұрғындарының арасында қор-қорды қоғамдық орынла пайдалану заңсыз екенін білмейтіндерде бар болып шықты.
Ары қарай қаламыздағы бірнеше компьютер клубтарын тексерген тәртіп сақшылары заң бұзушылықтарды таппады, түсірілім тобымен барған компьютер клубтарында жасөспірім балалар болмады. Маманның айтуынша бұл рейдттен бөлек әр демалыс күндері тексеріс жүргізіліп отырады екен.
Түнгі рейд барысында полиция қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарында жүргізді. Скверлер мен саябатарды да аралаған құқық қорғау органдарының өкілдері ата-анасыз жүрген жасөспірім балаларды кездестірмеді.