УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІ ЖАҚСАРАДЫ

Өңір жаңалықтары жалғастырамыз. Түркістан облысында 801 елді мекеннің 794-і ғана бас жоспармен қамтылған. қалған 7 аудан және қалада бас жоспар қарастырылмаған. Бұл мәселе Облыс әкімінің апталық мәжілісінде көтерілді. Өңір басшысы Нұрлхан Көшеров жауапты мамандарға тапсырма беріп, шетелдің озық үлгілерін қолдану керектігін атап айтты.

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының айтуынша аудан мен қалалардың бас жоспарына өзгертулер енгізу қажет. Бұл жұмыс — 2029 жылға дейін жалғасады. Жоспар бойынша 390 елді мекеннің бас жоспарын түзету және әзірлеу жұмысы тұр.

Бұл мәселені көтерудегі негізгі мақсат — заңсыз құрылыстың алдын алу мен сапалы мемлекеттік қызмет көрсету болып отыр. Жалпы өңірде қала мен аудан орталықтарының сәулетін жақсарту жүктелген.